«СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫСЫ» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫСЫ» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы акция HAVAL және TANK брендтерін ілгерілетуге бағытталған жарнамалық іс-шара болып табылады.

1.2. Акция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лотерея, құмар ойын немесе тәуекелге негізделген өзге де ойын болып табылмайды.

1.3. Акцияны ұйымдастырушы:

«SW Auto Aktau» ЖШС
БСН: 230440017025
Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9-өнеркәсіптік аймақ, 60/3 ғимарат.
Телефон: +7 705 788 8844

1.4. Акцияға қатысу қатысушының осы Ережелермен толық келісетінін білдіреді.

2. Акцияны өткізу мерзімі мен орны

Акция өткізіледі:
Өткізу мерзімі: 11.07.2026 – 17.07.2026
Қатысушыларды тіркеу орны: «Сая Парк» СОО, Ақтау қаласы.
Жүлде ұтысы 2026 жылғы 15 шілде күні сағат 10:00-де Instagram желісіндегі тікелей эфирде өткізіледі.

3. Қатысуға кімдер құқылы

Акцияға келесі талаптарға сай жеке тұлғалар қатыса алады:

  • акцияға қатысу сәтінде 18 жасқа толған;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.

Қатысуға жіберілмейді:

  • 18 жасқа толмаған тұлғалар;
  • Ұйымдастырушының қызметкерлері;
  • акцияны ұйымдастыруға қатысатын компаниялардың қызметкерлері;
  • аталған тұлғалардың отбасы мүшелері.

4. Қатысу шарттары

Акцияға қатысу үшін:

  • Ұйымдастырушы өкілдерінде тіркелу;
  • аты-жөнін және телефон нөмірін көрсету;
  • қатысушы купонын алу;
  • ұтыс өткізілетін уақытта байланыста болу қажет.

5. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

Жеңімпаздар тіркелген қатысушылардың жалпы саны арасынан купондарды кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.

6. Жүлдені алу тәртібі

Жүлдені алу үшін жеңімпаз:

  • • жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға;
  • • тіркеу деректерінің сәйкестігін (купонның жыртпалы бөлігін) растауға;
  • • жүлдені алғаны туралы ведомосқа қол қоюға міндетті.

Егер жеңімпаз нәтижелер жарияланған кезде телефон қоңырауына жауап бермесе немесе жеке басын растай алмаса, Ұйымдастырушы жаңа жеңімпазды қайта анықтауға құқылы.

7. Ұйымдастырушының құқықтары

Ұйымдастырушы:

  • осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмейтін тұлғаларды акцияға қатыстырудан бас тартуға;
  • жалған немесе дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда жүлдені беруден бас тартуға;
  • акция басталғанға дейін осы Ережелерге өзгерістер енгізуге және олардың жаңа редакциясын міндетті түрде жариялауға құқылы.

8. Дербес деректер

Акцияға қатыса отырып, қатысушы өзінің дербес деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек осы акцияны өткізу мақсатында өңдеуге келісім береді.

9. Фото және бейнетүсірілім

Қатысушылар іс-шара барысында фото және бейнетүсірілім жүргізілуі мүмкін екендігімен келіседі.
Ұйымдастырушы жеңімпаздардың бейнесін, аты-жөнін акция қорытындылары туралы жарияланымдарда қосымша сыйақы төлемей пайдалануға құқылы.

10. Жүлделер

Жүлделер ақшалай баламаға айырбасталмайды.

Егер жарияланған жүлдені ұсыну мүмкін болмаса, Ұйымдастырушы оны құны жағынан тең басқа жүлдемен ауыстыруға құқылы.

11. Ерекше шарттар

Ұйымдастырушы қоғамдық тәртіпті бұзатын, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүрген, сондай-ақ іс-шараның өткізілуіне кедергі келтіретін тұлғаларды акцияға қатыстырудан немесе жүлде беруден бас тартуға құқылы.

12. Қорытынды ережелер

Барлық даулы мәселелер келіссөздер арқылы шешіледі.

Осы Ережелерде көзделмеген мәселелер бойынша Ұйымдастырушы мен қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.


Басқа жаңалықтар

HAVAL M6 ҮШІН АКЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС!

Толығырақ