HAVAL — Қазақстанда 5 жыл!

HAVAL — Қазақстанда 5 жыл!

Мерейтойға орай клиенттер үшін мерекелік күн ұйымдастырылды. Іс-шара аясында келушілерге сервистік қызметтер тегін көрсетіліп, түрлі сыйлықтар табысталды.

Аманжол Жұматов HAVAL автокөлігін бес жыл бұрын сатып алған. Бүгінде ол бұл таңдауының дұрыс болғанын айтады. Оның сөзінше, осы уақыт ішінде көлік бірде-бір рет күрделі жөндеуді қажет етпеген. Ол көлікпен ұзақ сапарларға шығып, қала ішінде де, жолсыз жерлерде де сенімді түрде жүріп өткен.

Аманжол ЖҰМАТОВ: «Салонның әрленуі, электроникасы мен жүріс сапасы жағынан бұл көлік P----o-дан кем түспейді. Қалаға да, жолсыз жерлерге де өте қолайлы. Құмды аймақтармен жүрдім, еш жерде тұрып қалған жоқпын. Өте ақылды көлік. Мысалы, тік еңіспен түскен кезде бір батырманы бассаң болғаны, газды да, тежегішті де басудың қажеті жоқ. Көлік өзі түседі, өзі көтеріледі. Өте сенімді автокөлік. Сатып алғаныма өкінбеймін. Бес жылдан бері мініп жүрмін, тіпті сатуды да ойламаймын».

Мерекелік шара барысында автосалон өз клиенттеріне көліктерді тегін диагностикалауды ұсынды. Мамандар автокөліктердің техникалық жағдайын тексеріп, иелеріне қажетті ұсыныстар берді.

Өтеген САХИМОВ«HAVAL M6 көлігін 2024 жылы сатып алдым. Автокөлікке қатысты ешқандай шағымым жоқ. M6 — өте сенімді көлік. Әрқашан керек жеріме жеткізіп жүр. Күткен үмітімді толық ақтады. Сатып алуға кеңес беремін».

Иван ОЖБАНОВ: «Көлікті алғаныма әлі бір жыл да болған жоқ. Теріс пікір айта алмаймын. Екі рет техникалық қызмет көрсетуден өттім. Алғашқы екі мың шақырымнан кейін маған тегін диагностика жасап берді. Он мың шақырым жүрген соң қажетті сұйықтықтарды тексеріп, ауыстырды. Бүгін де шақыру бойынша келдім. Қызмет көрсету деңгейі жақсы. Автосалонды бес жылдық мерейтойымен құттықтаймын».

Бес жыл ішінде HAVAL бренді мыңдаған клиенттің сеніміне ие болып, сапалы қызмет көрсетуді жалғастырып келеді. Компания өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта да клиенттерге тиімді ұсыныстар мен жоғары деңгейдегі сервис ұсынылатын болады.

Сервистік күн аясында автокөліктерге кешенді диагностика жүргізілді: визуалды тексеру, жүріс бөлігін және электрондық жүйелерді диагностикалау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар клиенттер үшін қосымша бонустар дайындалды. Мысалы, егер автокөлікке жөндеу немесе сервистік қызмет қажет болса, барлық қызмет түрлеріне арнайы жеңілдіктер ұсынылады.

Іс-шара көлік иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, клиенттер мен автосалон арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтты. Осылайша HAVAL автосалоны брендтің бес жылдық мерейтойын өз клиенттерімен бірге атап өтті.

Іс-шарадан фотосуреттер

Іс-шарадан бейнежазба  

Басқа жаңалықтар

Толығырақ

Толығырақ

HAVAL Virazh «Моторфест» 2025 фестивалінде

Толығырақ

Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Толығырақ

HAVAL Kazakhstan және TotalEnergies стратегиялық әріптестікті нығайтады

Толығырақ

Eco Day с GWM Kazakhstan

Толығырақ